419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші республикалық деңгейден төмен өңірлер анықталды

  • 325
  • UPD: 21:05, 14.04.2020

Елімізде «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары аясында құрылыс қарқын алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин осылай деді.

Бір бұл емес. Қарапайым заттар экономикасын дамытуға мықтап ден қойылады. Бұл - отандық өндірушілерді қолдап, өз өнімдерімізді арттыруға басымдық беріледі деген сөз. Сайып келгенде мұның барлығы қазіргідей кіріс кеміп, шығын артқан тұста ел экономикасын демеудің қамы.

Коронавирус пандемиясының кері әсерін еліміз де көріп отыр. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында сауда 1%, қаржы саласы мен сақтандыру қызметтері 0,7% көрсеткен. Ал көлік секторы, тіпті 1,3% төмендепті. Дегенмен экономиканың негізгі салалары тоқсанды оң қарқынмен қорытындылады.

Асқар Мамин, ҚР премьер-министрі:

– Осы жылғы қаңтар-наурызда экономиканың өсімі 2,7 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Базалық салаларда жалпы алғанда оң динамика байқалады. Тау-кен саласында өсім 5 пайызды, өңдеуші салада 8,8 пайыз, құрылыста 11,7, машина жасау 30,4 пайызды құрады. Негізгі капиталдың инвестициялар өсу қарқыны 5,1 пайыз деңгейінде сақталып отыр.

Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші республикалық деңгейден төмен өңірлер санатында. Экономиканы алға сүйреп келе жатқан құрылыс саласы 16 облыста қарқынды. Жыл басынан бері 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жалпы бірінші тоқсанда республикалық бюджетке 1 трлн 402 млрд теңге кіріс түсті. Межелі жоспар 378 млрд теңгеге орындалмаған. Оған бірқатар фактор әсер етті. Ең бастысы, кәсіпкерлік белсенділіктің төмендеуі.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары – ҚР қаржы министрі:

– Есепті кезеңде оларға 193 млрд теңге көлемінде қосылған құн салығы қайтарылды. Бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 84 млрд теңгеге көп. 8 сәуірде қабылданған нақтыланған республикалық бюджетте кірістер бойынша жылдық жоспар 6 трлн 414 млрд теңге сомасында бекітілді. Жергілікті бюджеттердің өз кірістері 134 млрд теңгеге артығымен орындалып, 759 млрд теңгені құрады. Асыра орындалу негізінен салықтар есебінен қалыптасты – 127 млрд.теңге. Барлық өңірде кірістердің жоспары артығымен орындалды.

Төтенше жағдай кезінде дағдарыстың алдын алу шаралары қолға алынды. Біреріне тоқталсам, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қаржыландыру 1 трлн теңгеге артты. Ал макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін белсенді құрылыс жұмыстары басталмақ. Асқар Мамин кешенді шаралардың қабылданғанын айтты. Ендігі жұмыс жергілікті биліктің қолында.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы