419,72 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ТЖ-ға байланысты кәсібі тұралап қалған бизнес өкілдеріне жеңілдіктер жасалады

  • 434
  • UPD: 14:14, 15.04.2020
ТЖ-ға байланысты кәсібі тұралап қалған бизнес өкілдеріне жеңілдіктер жасалады

Төтенше жағдайға байланысты кәсібі тұралап қалған бизнес өкілдеріне жеңілдіктер жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, екінші деңгейлі банктер несие өтеу мерзімін кейін шегеруге келісім беріп отыр. Қазір Ақтөбе облысындағы 700-ге жуық кәсіпкерден өтініш түскен. Жалпы құны 12 миллиард 500 миллион теңге болатын төлем кейінге қалдырылды. Өңірде «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы аясында 2,5 миллиард теңге үлестіру жоспарланған болса, қазір бұл мақсатқа 5 миллиард теңге бөлу көзделген. Сондай-ақ салық органдары да бизнес өкілдеріне бірқатар жеңілдіктер ұсынып отыр.

Нұрхан Тілеумұратов, облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі:

- Ірі кәсіпорындардың сауда объектілерінің мүлік салығы бойынша, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өнімдерінің ауыл шаруашылығы жерлерінің салығы бойынша да жеңілдіктер бар. сонымен қатар бірінші қазанға дейін жалақы салықтардан бірқатар салалар бойынша босатылым бар.

Хабар 24 телеарнасы