418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеміс-жидек пен көкөніс экспортына шектеу жоқ

  • 241
  • UPD: 22:10, 16.04.2020
Жеміс-жидек пен көкөніс экспортына шектеу жоқ

Елде жеміс-жидек пен көкөніс экспортына ешқандай шектеу жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек картопты ғана шекарадан шығаруға тыйым салынған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Ведомство төтенше жағдайға байланысты есеп жүргізіп, кортопты жаңа егіс науқанына дейін экспорттамау туралы шешім қабылдаған. 

Алмабек Марс, Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:

- Қырыққабат, сәбіз, пияз, қызылша өніміне ешқандай тыйым жоқ. экспортқа рәсімделіп отырған өнімдерден қырыққабат 7 мың тонна, оған 300-ден астам фитосанитарлық сертификат беріліп отыр. Пиязға 5 мың тонна рәсімделіп, шаруалар экспортқа Ресей Федерациясына шығаруды жоспарлап отыр. Сәбіз өніміне 240 тоннаға сертификат берілді. Сондықтан экспортқа шығаруға ешқандай қиыншылық жоқ.

Хабар 24 телеарнасы