420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға қанша қаражат бөлінеді

  • 416
  • UPD: 17:42, 17.04.2020
Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға қанша қаражат бөлінеді

Еліміздегі төтенше жағдай кезінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев орын алған осы күрделі кезеңде экономиканы, шағын және орта бизнесті, халықты қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді, деп хабарлады primeminister.kz.

Бүгінде әлеуметтік және қаржылық реттеудің қолайлы жүйесін құруға күш салу маңызды болып отыр.

Төтенше жағдай кезінде азаматтар мен экономиканы қолдауға үш бағыт бойынша қосымша шығыстар қарастырылған.

Бірінші. «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру. Оның аясында инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып, 254,3 мың жұмыс орны құрылады.

Екінші. Әлеуметтік төлемдерді индекстеу және шетел валютасы бағамының өзгеруіне байланысты шығыстарды жабу. Бұл мақсатқа 315,4 млрд теңге бағытталады.

Үшінші. Азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыруға 293,4 млрд теңге бағыттау ұсынылады.

Осы қаражат аясында бір уақытта тұрмыс сапасын жақсартумен және табыс пен сұранысты ұлғайтумен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды іске асыру көзделген.

Сонымен қатар бюджет кірістері бойынша шығындарды жабу және жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін республикалық бюджет шығыстары 532,8 млрд теңгеге оңтайландырылды. Бюджет тапшылығы 840,7 млрд теңгеге ұлғайды.

Соның нәтижесінде республикалық бюджеттің параметрлері төмендегідей қалыптасты:

түсімдер – 11,8 трлн тг;

шығыстар – 14,3 трлн тг;

тапшылық – 2,4 трлн тг немесе ЖІӨ-ге 3,5%.

Шешім қабылданғаннан кейін қаражатты сапалы және уақытылы игеру мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және басқа да тиісті іс-шараларды уақытылы жүргізуі қажет.

Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша қазіргі жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы карантиндік іс-шараларды жүргізуге тартылған медицина және басқа да сала қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуді тапсырды.

Дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру

Жергілікті деңгейдегі қолдау мен салықтық артықшылықтарды есептемегенде дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы пакеті қосымша 5,9 трлн теңгені құрайды, оның ішінде: 

2,5 трлн теңге – бюджеттен тыс қаражат есебінен; 

3,5 трлн теңге – республикалық бюджет есебінен үш бағыт бойынша қаржыландыру жоспарлануда.

Бірінші. Экономикалық тұрақтылық пен төтенше жағдай режимін қамтамасыз етуге 1,2 трлн теңге қарастырылған.

Халықты жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қабылданды, оның аясында поствирустық кезеңде 254,3 мың жұмыс орны құрылады. Оны іске асыруға қомақты сома (1 трлн теңгеге дейін) бөлінеді.

«Бизнестің жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға қосымша 84,5 млрд теңге бағыттау жоспарланған.

Бұдан өзге, кәсіпкерлердің несиелері бойынша субсидиялау және кепілдік беру арқылы кәсіпкерлікті қолдау шараларын күшейту көзделген. Бұл шамамен 16 мың жұмыс орнын құруға және 250 млрд теңгеден астам салық түсіміне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтардың жекелеген санаттары үшін құны 5 567 теңге болатын азық-түлік және тұрмыстық жиынтық ұсынуға 30,8 млрд теңге қарастырылған. Бұл шара 2 млн-нан астам адамды қамтиды.

Нақтылау аясында «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыруға 50 млрд теңге сомасында қосымша шығындар қарастырылған. Соның нәтижесінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығы мен дағдыларының тиімді моделін құру жалғастырылатын болады.

Екінші. Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне қатысты іс-шараларға 315,4 млрд теңге бағытталады.

Хабар 24 телеарнасы