420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарапайым заттар экономикасын қаржыландыру сомасы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

  • 237
  • UPD: 11:57, 23.04.2020
Қарапайым заттар экономикасын қаржыландыру сомасы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайды

Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын қаржыландыру сомасы 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ бағдарламаның салалары кеңейтіліп, оның құрамына күріш өсіру, металл өңдеу салалары енгізілді.

Бағдарлама аясында агроөнеркәсіпке 700 млрд теңге, көктемгі егіс жұмыстарына 100 млрд теңге бөлінді. Қалған сома қызмет көрсету салаларына беріледі.

Бұл туралы «Хабар 24» арнасындағы брифингте ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті дамыту департаментiнiң директоры Шыңғыс Ахметов хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы