431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БЖЗҚ жылдың бірінші тоқсанында салымшыларына 45 млрд теңгеден астам қаржы төледі

  • 301
  • UPD: 10:05, 27.04.2020
БЖЗҚ жылдың бірінші тоқсанында салымшыларына 45 млрд теңгеден астам қаржы төледі

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 сәуір бойынша жалпы алғанда 195 384 адамға төлем жасады.

Жалпы сомасы 45 миллиард теңге болатын 480 мыңнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жүзеге асырылды.

Оның ішінде:

– зейнеткерлік жасқа толуына байланысты төлемдер – 16,7 млрд теңге;

– ТТЖ-ға кетумен байланысты төлемдер – 11,6 млрд тенге;

– сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 8,4 млрд теңге;

– мұрагерлік бойынша төлемдер – 7,1 млрд теңге;

– жерлеуге берілген төлемдер – 780 млн теңге;

– мүгедектік бойынша төлемдер – 476,5 млн теңге.

Бұл ретте кесте бойынша ай сайын төленетін (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) орташа төлем 22 082 теңгені құраса, ең жоғарғы ай сайынғы төлем сомасы 506 980 теңге болды.

Ақпарат көзі: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы