422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Ресей пандемия жағдайындағы екіжақты байланысты талқылады

  • 306
  • UPD: 23:28, 01.05.2020

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі мен сауда өкілдігі онлайн конференция өткізді.

Сарапшылар пандемия жағдайындағы екіжақты байланысты талқылап, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы сауда-экономикалық қатынастарды сөз етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дағдарыстан кейінгі кезеңде туындайтын сын-қатерлер мен мүмкіндіктер де назардан тыс қалған жоқ.

Онлайн конференцияға Қазақстан Сауда және интеграция министрлігі мен Ресей Өнеркәсіп және ауда министрлігінің басшылығы, квазимемлекеттік саладағы компаниялардың жетекшілері мен бизнес қауымдастық өкілдері қатысты. Басқосуда қазіргі дағдарыс жағдайында өзара сауда көлемін сақтап қалу мәселесі сөз болды. Сондай-ақ індеттен кейінгі қарым-қатынасты жандандыру жолы талқыланды. Пандемия көптеген елдердің әлеуметтік-экономикалық тіршілігіне нұқсан келтіріп, халықаралық саудаға әсер етті. Сол себептен дағдарысқа қарсы шараларды бірлесе қабылдау қажет.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі:

- Өндіріс пен халықаралық сауда қарқынының бәсеңдеуін, негізгі экспорттық тауарлар бағасының төмендеуін және ұлттық валюталардың құбылуын байқап отырмыз. Мұның бәрін тек бірлесіп еңбек етіп еңсеруге болады. COVID-19 пандемиясымен күрес қалыптасқан байланыстарымыздың үзілуіне, халықаралық сауда мен инвестициялардың тоқтап қалуына әкелмеуі керек.

Ресей тарабы коронавирус індетінен келген дағдарыста ел экономикасын қайта құру тәжірибесімен бөлісті.

Алексей Груздев, Ресей Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары:

- Бір айда бетперде өндірісін 10 есе, респиратор мен қолғап өндірісін екі есе арттырып, қорғаныш киімді жеті есе көп шығаратын болдық. Біраз салалар тоқырап қалғандықтан, экономикаға қолдау берудің тиімді шараларын ендіру өзекті болып отыр.

Конференцияға қатысушылардың пікірінше, бүгінгі басты міндеттердің бірі – тауар жеткізу жүйесін қалпына келтіру. Сондықтан саудадағы бөгеттерді алып тастап, шекарада жүктің өтуі мен сертификациялауын оңтайландыру қажет.

Авторлары: Дана Нұржан, Дмитрий Настиченко

Хабар 24 телеарнасы