418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Президенті: ЕАЭО болашақта мықты экономикалық ұйым болып қалыптасады

  • 262
  • UPD: 00:16, 02.05.2020

Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы жарқын.

Жаңағы сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұл ұйым қуатты экономикалық күшке айналуы қажет», - деді. Қазір тараптар экономикалық прагматизм, теңдік, өзара тиімділік бағытында жұмыс істеп келеді. Ал, интеграцияның басты мақсаты – халықтың тұрмысын түзеу, дамыған елдердің қатарынан көріну.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстарының бірыңғай нарығы түзілді. Кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі артып келеді. Өндірістік және сауда бірлестіктері құрылып жатыр. ЕАЭО үлгісі өзге мемлекеттерге де үлгі. Вьетнам, Иран, Сербиямен сауда келісімдері жасалды. Қазір Мысыр, Үндістанмен де осындай келісім жасалып жатыр. Менің ойымша, ЕАЭО болашақта мықты экономикалық ұйым болып қалыптасады

Хабар 24 телеарнасы