412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үкімет басшысы экономиканың түрлі саласын қолдау жөнінде кеңес өткізді

  • 183
  • UPD: 19:46, 04.05.2020
Үкімет басшысы экономиканың түрлі саласын қолдау жөнінде кеңес өткізді

Үкімет басшысы Асқар Мамин экономиканың түрлі саласын қолдау мәселелері жөнінде бірқатар кеңес өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде құрылыс саласын, азаматтық авиацияны, өңдеу секторы мен көлік кешенін дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау, сауда мен туризмді жаңғырту шаралары пысықталды. Әр саладағы проблемалар көтерілген кеңес жұмысына ұлттық компаниялардың және салалық қауымдастықтардың басшылары қатысты. Олар кәсіпкерлік субъектілерін салықтық ынталандыру, жеңілдікпен несие беру, отандық өндірушілерді қолдау бағытында жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Премьер-министр Асқар Мамин елдің экономикалық өсімін қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды әзірлегенде әр саланы қолдау тәсілдерін ескеруді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы