423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Bi Group компаниясы дағдарысқа қарсы шараларды талқылады

  • 330
  • UPD: 22:24, 05.05.2020

Елордада BI Group компаниясы мен оның серіктестерінің алтыншы форумы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында компанияның 2020-2021 жылдарға арналған жоспары талқыланды. Форумға қатысушылар осындай күрделі кезеңде жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі мен дағдарысқа қарсы шараларға ерекше ден қойды. Карантинге байланысты келушілер саны шектеулі болды. Бірақ қатысушылардың басым бөлігі форумды онлайн режимде тамашалады.

Соңғы екі жарым айда елдегі құрылыс тоқтап тұрды. Алдағы уақытта баспанаға деген сұраныстың өсуі де екіталай. BI Group компаниясының болжауынша, 2021 жылы қолданысқа берілетін баспана көлемі 800-ден 1 миллион шаршы метрге дейін қысқарады. Сондықтан жұмыс орындарын сақтап қалу үшін құрылыс саласына мемлекеттік қолдау қажеттігін айтты.

Амангелді Омаров, BI Group холдингінің басқарма төрағасы:

– Дағдарысты еңсеру үшін бірінші кезекте біз салықтық ынталандыру мен субсидия керек деп жиі айтамыз. Бірақ Үкімет бұны қолдамайтынын түсенеміз. Сондықтан біз қазір басқа бағытқа ден қойдық. Үкімет жылжымайтын мүлік нарығындағы сұранысты ұстап тұруға қолдау көрсетсе дейміз. Яғни 7-20-25 сынды ипотекалық бағдарламаларды кеңейтіп, оған үлескерлік келісімшарт бойынша нысандарды қосуды ұсынамыз. Бұл баспана мәселесін шешетін әрі дағдарысқа қарсы бағытталған ең басты шара болар еді.

Құрылыс нарығын қолдау бұл тек басы ғана. Бұдан бөлек, баспананың өзіндік құнын төмендету мәселесі тағы бар. Өз кезегінде, BI Group компаниясы серіктестерімен бірге отандық өндірушілерді қолдауға дайын екенін білдірді.

Амангелді Омаров, BI Group холдингінің басқарма төрағасы:

– Біз серіктестерімізді офтейк келісімшарттарымен қолдауға дайынбыз. Форумда керамикалық тақтайшалар мен есік өндірушілермен сөйлестік. Егер олар өнім шығаруға дайын болса, өз тарапымыздан кепілдендірілген көлемде тапсырыс бере аламыз.

BI Group компаниясында 80 мың мердігерді жұмыспен қамтып отырған 8 мыңға жуық адам қызмет етеді. Сондықтан дағдарыс кезінде компанияға жұмыс орындарын сақтап қалу маңызды.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Қанат Әбілдин

Хабар 24 телеарнасы