409,98 456,25 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан экспортқа шығаратын тауарлардың бағасы қымбаттады

  • 187
  • UPD: 10:26, 13.05.2020
Қазақстан экспортқа шығаратын тауарлардың бағасы қымбаттады

2020 жылдың 3 айында экспортталатын тауарларға баға 2 пайыз жоғарылап, импортталатын тауарлар бағасы өзгеріссіз қалды.

Бұл жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің мәліметінше, өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы қара металл илегіне – 10,8, мұнайға – 7,5, мырышқа – 7,2, қорғасынға – 5,1, көмірге 3,4 пайыз төмендеді. Темір кендеріне – 14,7, мыс кендеріне – 14,1, ферроқорытпаларға– 6,6 , каучукке – 2,9, мысқа 2 пайыз жоғарылады. Бағаның жүнге 0,1 төмендеуі, арпаға – 5,7, бидайға 3,9 пайыз жоғарылады.

Импортталатын өнімдерден темекі – 9, балық – 7,7, көкөністер – 5,2, құс еті – 3,4, какао – 1,1, кофе – 0,6, өсімдік майы 0,5 пайыз қымбаттап, шұжық өнімдері – 9, маргарин – 5,3, сүт өнімдері 2,8 пайыз арзандады. Баға сүрекке – 5,1, сырлар мен лактарға – 3,3, аяқ киімге 0,5 пайыз төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы