420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Комиссия елімізде бірқатар саланың жұмысын жандандыруға рұқсат берді

  • 369
  • UPD: 19:09, 13.05.2020
<span class=favorites>Комиссия елімізде бірқатар саланың жұмысын жандандыруға рұқсат берді</span>

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында экономика салаларын қалпына келтіру және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірнеше нақты шешімдер қабылдады.

2020 жылғы 13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал, Жезказган, Балқаш, Үржар, Зайсан қалаларымен әуе қатынасы ашылады.

2020 жылғы 18 мамырдан бастап мына нысандарға санитарлық талаптарға сай жұмыс істеуге рұқсат беріледі:
қонақ үйлер;

қоғамдық тамақтану объектілері (30 адамдық орынмен); таза ауада қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілерінің жазғы алаңдары;

2020 жылғы 18 мамырдан бастап діни мекемелерге (жалпы ғимараттың қызмет көлемінің 30 пайызын ғана толтыра отырып).

2020 жылғы 1 маусымнан, кезең-кезеңмен, ішкі теміржол қатынасын, Мемлекеттік бас санитарлық дәрігердің талаптарын ескере отырып жандандыру жоспарланып отыр. Билеттер 2020 жылғы 15 мамырдан сатыла бастайды.

Сонымен қатар шетелдегі Қазақстан азаматтарын елге қайтару мәселелері қаралды.

Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы

Хабар 24 телеарнасы