418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕАЭО-ға мүше елдер тауарларды қадағалайтын ұлттық жүйе құрады

  • 210
  • UPD: 17:05, 14.05.2020
ЕАЭО-ға мүше елдер тауарларды қадағалайтын ұлттық жүйе құрады ҚР Парламенті Сенаты

Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалап отыру тетігі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Келісім кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтарудың әртүрлі кестелерін пайдалануды болдырмайтын шарттар жасауға, тауарларды Еуаразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан екіншісінің аумағына тасымалдау кезінде тауарлар айналымының заңдылығын растауға және тауар айналымына байланысты операцияларға бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған. Құжат Палата отырысының қарауына жіберілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ келісім ЕАЭО-ға әрбір мүше мемлекеттің ЕАЭО кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалаудың ұлттық жүйесін құру, ұлттық қадағалап отыру жүйесінен ЕАЭО ақпараттық платформасы арқылы ақпарат алмасу, қадағалап отыру тетігінің жұмысын іске қосу жөніндегі пилоттық жобаны жүргізу және қадағалап отыру тетігінің тұрақты негізде жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қарастырады.

Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов өз баяндамасында тауарларларды қадағалау жүйесін енгізу ЕАЭО аумағымен қатар трансшекаралық қозғалыс кезінде тауар айналымының заңдылығын қамтамасыз етуге және заңсыз тауар айналымына ықпал ететін жағдайларды жоюға мүмкіндік беретіндігін айтты.

«Келісім ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімдеуге алынған, тәркіленген және мемлекеттік кіріске айналған тауар айналымына қатысты құқықтық қатынастарға, сондай-ақ кеден органдары ұстаған және қажетті өкілеттіктері бар адамдар іздемеген осындай тауарларға қатысты қолданылады», – деді Қ.Баеділов.

Заң жобасын қабылдау заңсыз тауар айналымы туындайтын жағдайларды жоятын тетік жасауға, тауарларды таңбаланумен бірге «өндіру-жеткізу-өткізу» тізбегі бойынша қозғалыстың барлық деңгейінде үздіксіз қадағалап отыру өнімнің мәртебесін бақылауға және мониторингілеуге мүмкіндік береді. ЕАЭО аумағында тауарларды бизнес үшін тасымалдау кезінде тауар айналымының заңдылығын электронды растау бәсекеге қабілеттілікті және өнімді өткізу нарығын кеңейтуді арттырады. Одан басқа, ұлттық қадағалап отыру жүйесінен алынған мәліметтердің негізінде тауарларды құжаттамалық сәйкестендіру тауарлар айналымы бойынша дұрыс деректерді алудағы бизнес шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет үшін кедендік және салықтық төлемдерді төлеуден жалтару схемаларын пайдалануды болдырмайтын жағдайлар жасау кедендік және салықтық төлемдердің жиналуын арттыруға тікелей әсер етеді.

 

Хабар 24 телеарнасы