420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Биыл елімізде ең көп сатылған көлік брендтері анықталды

  • 800
  • UPD: 11:33, 15.05.2020
Биыл елімізде ең көп сатылған көлік брендтері анықталды

2020 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында Қазақстанда ресми дилерлер 18 мыңнан астам жаңа көлік сатты. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасаған ҚазАқпарат хабарлайды.

«Аталған кезеңде ресми дилерлер 18 368 көлікті сатты. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,7 пайызға төмен. Қаңтар-сәуір айларында қазақстандықтар жаңа жеңіл көліктерді алуға 169,3 млрд теңге жұмсап, 2019 жылғы деңгейден 4,9 пайызға аз болды» делінген таратылған мәліметте.

Көлік сатып алушы 11 709 адам (63,7 пайызы) отандық зауыттардың өнімі бойынша өз таңдауын жасаған. Сонымен қатар биылғы төрт айда сатылған 665 автомобиль (36,3 пайызы) импортқа тиесілі болып отыр.

Аталған мерзімде елімізде сұранысы жоғары брендтердің арасында мына көліктер көш бастады:

Lada (3711 көлік)

Hyundai (3171)

Toyota (2877)

KIA (1952) 

Ravon (1890)

Мұнымен қоса жақсы өткізілген ТОР-10 құрамына Renault (812 көлік), GAZ (664), Nissan (659), Volkswagen (516) мен UAZ (412) енді.

Хабар 24 телеарнасы