412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды

  • 63
  • UPD: 17:47, 18.05.2020
Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды Kursiv.kz

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.

Мағауовтың айтуынша, әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты және мұнай бағасын қалпына келтіру үшін ОПЕК+ келісіміне қатысушы мемлекеттер өндіруді қысқарту туралы келісімге келді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Мағауов 2020 жылғы мамыр-маусымда елдер жиынтық өндіруді 9,7 млн баррельге/тәул. немесе бастапқы деңгейге қатысты 23%-ға қысқартатынын, содан кейін 2020 жылғы шілде-желтоқсан айларында бұл шектеу 7,7 млн барр/тәул. немесе базалық деңгейден 18%-ды, ал 2021 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін шектеу деңгейі базалық деңгейден 14%-ды құрайтындығын айтты:

– Осы келісім бойынша Қазақстанның міндеттемелері тәулігіне 390 мың баррельді құрайды. Республиканың Үкіметі өндіру көлемін қысқарту бойынша сәйкесінше шешімді қабылдады.

Мағауов атап өткендей, ОПЕК+ келісімі мұнай қоймаларының толып кетуін болдырмау үшін қажет, өйткені ОПЕК коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға әлемдік сұраныстың төмендеуі болжамын нашарлатты: 2020 жылдың І тоқсанында сұраныстың тәулігіне 81,3 млн баррель деңгейіне дейін төмендеуі күтілуде.

– Нарықтың барлық ойыншылары мұнай өндіру көлемін қысқарту шешіміне түсіністікпен қарады, себебі бұл – мұнай индустриясының дамуына тың серпін беретін қажетті шара, – деп тұжырымдады сөзін Мағауов.

Хабар 24 телеарнасы