412,10 452,40 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда фермерлер арзан дизель алуға өтініш бермеген

  • 57
  • UPD: 15:53, 19.05.2020
Атырауда фермерлер арзан дизель алуға өтініш бермеген

Атырау облысының фермерлері арзандатылған дизель бөлуге өтініш бермеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау облысында егін алқабы айтарлықтай көлемді емес.

Биыл өңірде егіс алқабы 9222 гектар. Оның басым бөлігіне, яғни 3332 гектарына жемшөп дақылдары егіледі. Көкөніс 2,6 мың гектарға, картоп 2 мың гектарға, қауын 1,2 мың гектарға салынады. Қазіргі уақытта облыста егіс алқабының жартысы игерілген. Оның ішінде жемшөп дақылдары – 1878 га, көкөніс – 1 271 га, қауын – 600 га, картоп - 705 га.

Егіс жұмыстарына 305 ауылшаруашылық кәсіпорынының 1,5 мың қызметкері жұмылдырылған. Сондай-ақ 783 техникасы қатысуда.

«Атырау облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері биыл арзандатылған дизель отынын алуға өтініш берген жоқ» деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы