427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда импорттық тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі пайда болады

  • 277
  • UPD: 13:22, 21.05.2020
Қазақстанда импорттық тауарларды бақылаудың ұлттық жүйесі пайда болады

Сенат депутаттары тиісті заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аталған келісім бақылауды күшейтуді көздейді. Сондай-ақ заңсыз айналымды анықтап, салық төлеуден жалтарудың алдын алмақ. Салық түсімдері мен кедендік төлемдерді де ұлғайта түспек. Әрбір мемлекет қадағалаудың ұлттық жүйесін құруға, салық төлеушілердің ілеспе құжаттарын рәсімдеуіне баса назар аударуы тиіс. Мұндай құжаттарсыз Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды өткізуге тыйым салынады. Тауар айналымын бақылау механизмін іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

Хабар 24 телеарнасы