411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Chevrolet Cobalt және DAMAS автокөліктері Қазақстан нарығын қайта бағындыруда

  • 117
  • UPD: 16:38, 22.05.2020
Chevrolet Cobalt және DAMAS автокөліктері Қазақстан нарығын қайта бағындыруда

Қазақстан автонарығында отандық Chevrolet Cobalt және коммерциялық Chevrolet Damas автокөліктері қайта сұранысқа ие болды. Өндіріс Қостанай қаласындағы «СарыарқаАвтоӨнеркәсібі» кәсіпорыны базасында жолға қойылғанын атап өткен жөн.

«Damas моделінің үлкен сұранысқа ие болуын біз ел өз-өзін оқшаулау тәртібіне ауысқаннан кейін жеткізу қызметін ҚР облыстары мен ірі қалалары тұрғындарының жартысына жуығы жоғары сұраныспен пайдалана бастағанымен байланыстырып отырмыз. Осыған байланысты коммерциялық бағыттағы автомобильдерге деген  қызығушылық артты», - деді Chevrolet дилерлік орталығының директоры Максим Мягчилов.

Damas - бұл қуаты 38 ат күші болатын 0,8 литрлік  қозғалтқышы бар  бес есікті коммерциялық автомобиль. Оның негізі қолайлық пен атқарымдылыққа ие болса, конструкциясы кез келген жол жағдайларында ұзақ жылдар тоқтаусыз жұмыс істеуге кепілдік береді. Модель келесідегідей екі модификацияда шығарылады: үш қатар орналасқан жолаушылар орындықтарынан (2+3+3) және  жүк көтергіштігі 560 кг-ға дейінгі кузов фургоны бар екі жүк орындарынан.

Сондай-ақ жақында қазақстандық нарықта қолжетімді отандық Chevrolet Cobalt седанын сату басталды. Седан әмбебап автомобиль болып табылады. Бұл көліктің артықшылықтарының бірі тартымды баға және басқару жеңілдігі болып табылады.

Жаңа Cobalt параметрлері: ұзындығы 4449 миллиметр, ені 1735 миллиметр, биіктігі 1514 миллиметр, доңғалақ базасымен 2620 миллиметр болады. Ерекше қауіпсіздік, кең салон және ойластырылған экстерьер - бұл осы көліктің артықшылығы болып табылады.

Өзін өзі оқшаулау режиміне қарамастан қолжетімді автоға деген сұраныс еш өзгерген жоқ. Автоконцерндер бұл үрдісті ескере отырып, сатып алушыларға демократиялық бағамен модельдерді ұсынады. Модельдер брендінің кең ауқымды модельдік желісінің басым бөлігі-  қазақстандықтарға автомобильдердің ағымдағы құнын белгілей отырып, Chevrolet автомобильдерін жылдық 4% - бен сатып алуға мүмкіндік беретін жеңілдікті автокредитті берудің мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болып табылады.

Анықтама үшін:

AllurGroup автомобильдерді, қосалқы бөлшектер мен қосалқы бөлшектерді өндірумен, экспорттаумен және сатумен, сондай-ақ автомобильдерге сервистік қызметті көрсетумен айналысатын автомобиль компанияларының тобы болып табылады. 

БАҚ үшін байланыс:

Мадина Лаврова

PR-директор

Моб.Тел.: +7 701 555 3636

Е-mail: pr@greycardinals.org

Хабар 24 телеарнасы