417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тіркелген жұмыссыздар саны ТЖ кезінде 170 мың адамға жетті

  • 196
  • UPD: 15:29, 26.05.2020
Тіркелген жұмыссыздар саны ТЖ кезінде 170 мың адамға жетті

Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар саны 170 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов мәлімдеді.

«Шектеу шаралары қолданыста болған кезең ішінде тіркелген жұмысссыздар саны 120 мыңнан 170 мыңға дейін жетті», - деді Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Сонымен қатар ол Мемлекеттік әлеуметтік сатқандыру қорынан жұмысынан айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем саны да арта түскендігін айтты.

«Яғни егер азамат жұмыссыз қалса, онда ол 6 ай бойы кірісінің 40 пайызын алып отыруға құқылы. Бүгінгі күні мұндай адамдардың саны 34 мыңнан асты. Бұл Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарына осы уақытқа дейін жүгініп үлгіргендер», - деді вице-министр.

Хабар 24 телеарнасы