422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда мұнай өндірісі төмендеді

  • 304
  • UPD: 18:46, 27.05.2020
Қазақстанда мұнай өндірісі төмендеді

Биыл елімізде мұнай өндірісі төрт жарым процентке төмендеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған әлемді дүрліктірген пандемия себеп. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, былтыр еліміздегі кен орындарында 90,5 миллион тонна мұнай өнідірілген. Ал биыл әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуы жағдайында өндіріс жоспары 86 миллион тоннаға дейін қысқарған. Бұдан бөлек, сала басшысы Қазақстанның ОПЕК+ ұйымының келісіміне қосылғанын айтты. Оған сай, еліміздегі қара алтын өндірісі тәулігіне 1 миллион 319 мың баррельден аспауы тиіс.

Жиында Нұрлан Ноғаев елордада және Қарағанды, Ақмола облыстарында тауарлық газға шекті көтерме бағаның бекітілгенін айтты. Жауапты министрлік көгілдір отынның құнын 1000 текше метр үшін қосымша құн салығынсыз 24 537 теңге мөлшерінде белгіледі. Еске салайық, аталған аймақтарды газбен қамтуға «Сарыарқа» магистральдік құбыры мүмкіндік беріп отыр.

 

 

Хабар 24 телеарнасы