431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы жеке кәсіпкерлердің 33% сауда саласында жүр

  • 272
  • UPD: 10:36, 29.05.2020

Елде шамамен 1 миллион 100 мыңнан астам жеке кәсіпкер бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың үштен бір бөлігі сауда-саттық саласында қызмет етеді. Мұндай статистиканы «Финпром» порталы ұсынды.

Отандық жеке кәсіпкерлердің шамамен 30-дан астам проценті сауда-саттық саласында жұмыс істейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек саудасы қарқын алғанымен, көлік-логистика секторы мен риэлторлық қызмет көрсету саласы құлдилады. Сәуір айының соңындағы санақ бойынша елімізде 1 миллион 200 мың жеке кәсіпкер тіркелген. Былтырғы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 3,3 процентке аз. Тіркелген 100 мың жеке кәсіпкер іс жүзінде қызмет етпейді. Қоймалау мен көлік жөндеу саласындағы құлдилау көрсеткіші 7 проценттен асады. Бұған бірінші кезекте 2 айлық төтенше жағдай тәртібі себеп болды. Жылжымайтын мүлікке қатысты операциялар бойынша қарқын 6,6 процентке түсті. Елде қызмет ететін жеке кәсіпкерлер саны Түркістан облысында көп. 132 мыңнан асады. Артынша Алматы қаласы мен облысы келеді. Ал ең аз көрсеткіш Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында.

Сүт өнімдерінің өндіріс көлемі өсті

Дүкен мен базарларда шикі сүт бағасы 1 жылда 8 процентке өсті. Аталған өнімнің пастерленген түрі майлылығына қарай 8-9 процентке қымбаттаған. Жыл басынан елде 184 мың 500 тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылды. Жылдық өсім 1,3 процент. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 2 мың тоннаға артық. Салада көш бастаушы өңірлердің үштігіне Солтүстік Қазақстан, Алматы және Ақмола облыстары кіреді. Ауыл шаруашылығы министрлігі тауарлы сүт фермаларының желісін кеңейтіп, жыл сайын 25 кәсіпорынға толықтыруды жоспарлап отыр. Мәселен, былтыр 8 өнеркәсіп пен 14 отбасылық ферма жұмысын бастаған болатын. Олардың жалпы қуаттылығы жылына 44 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Осылайша, алдағы 5 жыл ішінде министрлік импортты толық алмастырып, жылына 500 мың тонна өңделген сүт өндіруді көздейді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде қосымша 400 млрд тг қарастырылған.

Отандық кондитерлер ішкі сұраныстың жартысын жапты

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша отандық кондитерлер ішкі сұраныстың жартысынан астамын жапты. Былтырғы кезеңмен салыстырғанда шамамен екі процент өсім бар. Бірақ бұл салада импорттың үлесі әлі де салмақты. Жергілікті өндіріспен қатар, импорт көлемі де өсуде. Өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 6 проценттік өсім бар. Жалпы, жыл басынан елдің ішкі нарығында шоколад бағасы 7,3 процентке жоғарылады. Осылайша, ел бойынша басты бәсекелестік Алматылық пен Қостанайлық компаниялар арасында жүруде. Екі өңірдегі алпауыт компаниялардың қарқынына өзге өңірлердегі өндірушілер ілесе алмауда десек болады. Мәселен, Қостанайда өндіріс көлемі шамамен 22 процентке өскен. Елдегі салалық үлесі 31 проценттен 34 процентке артты.

Нарықтағы баға

Қостанайда қаймақ литрі 2 мың теңге. Петропавлда жоғарыда айтылғандай 1200 тг. Семей мен Өскеменде шамамен 1800 тг. Жамбыл облысында 1400 тг. Батыс Қазақстанда да осы баға. Ал Ақтөбе мен елордада қаймақ литрі шамамен 2 мың теңгеге саудаланып жатыр.

Көп қолданылатын смартфондар белгілі болды

Omdia басылымының сарапшылары әлемде ең көп қолданылатын смартфондар тізімін жариялады. Олардың мәліметіне сай, жыл басынан Эппл өнімі яғни iPhone-11 жоғары сұранысқа ие. Осылайша, Apple үш ай ішінде iPhone 11 маркалы 19 жарым миллион смартфонын сатқан. Ең көп қолданылатын смартфондардың тізімінде 2-орында Samsung Galaxy A51 келеді. 6 млн 800 мың гаджет сатылды. Ізінше, Xiaomi Redmi Note 8 смартфоны тұр. Сондай-ақ, бұл тізімге Apple мен Samsung, компанияларының тағы төрт моделі кірді.

Авторы: Мирлан Алтынбек

Хабар 24 телеарнасы