425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пойыз билеттерін қымбаттатқан жоқпыз - ҚТЖ

  • 265
  • UPD: 16:17, 29.05.2020
Пойыз билеттерін қымбаттатқан жоқпыз - ҚТЖ

«Хабар 24» арнасындағы брифингте «Қазақстан темір жолы» АҚ Төрағасының бірінші орынбасары Қанат Алмағамбетов пойыз билетінің тарифіне тоқталды.

Пойыз билетінің тарифін көтеріп жатқан жоқпыз. Көтермейміз де. Екіншіден, біз динамикалы түрде бағаны қымбаттату жүйесін алып тастадық. Бұрын адам билетті 45 күн бұрын сатып алса, ол кезде бір баға, ал уақыт өтіп, жолға шығатын кез таяған кезде бұл баға құбылып шыға келетін. Енді әлеуметтік маңызы бар бағыттарда бағаны мұндай қоюды жойдық. Cебебі адамдар жолға шығуды жоспарлай алмай отыр.

Хабар 24 телеарнасы