405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті «Astana Ceramic» ЖШС-не барды

  • 223
Қазақстан Президенті «Astana Ceramic» ЖШС-не барды akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында керамикалық тас пен кірпіш өндіретін «Astana Ceramic» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президентке аталған жобаға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау шаралары туралы айтылып, құрылыс материалдарын өндіру технологиясы таныстырылды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдегі құрылыс индустриясының дамуы және Жұмыспен қамту жол картасының жүзеге асырылуы жайында баяндады.

Мемлекет басшысы аймақтағы құрылысты сапалы салудың, барлық инфрақұрылымдық жобалар мен әлеуметтік маңызы бар нысандарды жөндеу жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы