405,69 456,25 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ҮИИД аясында екі мыңға жуық жұмыс орыны ашылады

  • 161
  • UPD: 20:40, 02.06.2020

Еңбекпен қамтуда Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының пайдасы зор. Қазір Алматы облысында жалпы құны 93,5 млрд теңгенің 13 жобасы жүзеге асып жатыр. Сол арқылы алдағы уақытта 2 мыңға жуық тұрғын жұмыс табады.

Осы бағдарлама бойынша бұған дейін іске қосылған өндіріс ошақтары қалай жұмыс істеп жатыр? Қазір толық қуатына көше алды ма? 

Алюминий профилін шығаратын бұл зауыт 5 жыл бұрын іске қосылды. Жаңа өндіріс ошағына Іле ауданының 150 тұрғыны жұмысқа орналасқан. Зауыт осы уақыт ішінде шетел нарығына да шығып үлгерді. Өйткені мұнда әлемдегі ең озық технологиялар қолданылады. Кәсіпорын ай сайын 1200 тонна дайын өнім шығарады.

Болат Ернар, зауыт директорының орынбасары:

– Коронавирус деген жағдайдан шетелге шығу, өзіміздің өнімімізді Қазақстанда сату қиындық тудырып отыр. Сондықтан коронавирус қазір кеткелі енді-енді басталып жатыр жұмысымыз. Одан басқа да қиындықтар бар жұмысымызда. Өйткені отандық өніміміз қымбат болып шығады. Ресейден, Белоруссиядан, сол сияқты басқа елдерден бізде қымбат ол. Неге? Өйткені бірінші алатын шикізатымыз қымбат.

Бұл фармацевтикалық зауыт индустрияландыру картасына 2010 – 2014 жылдары енді. Дәрі-дәрмектің 122 түрін шығаратын кәсіпорынның микробилогиялық зертханасы бар. Өндірістің толық циклы бойынша жұмыс істейтін бұл өндірістік нысан жылына 1,5 миллиард таблетка мен капсула шығара алады. Дайын өнім отандық нарықпен қоса Грузия, Әзербайжан, Ауғанстан, Өзбекстан мен Қырғызстанға экспортталады.

Фарух Рзаев, кәсіпорынның бас директоры:

– Біз өндірісті еш тоқтатпадық. Өйткені әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерді өндіреміз. Мәселен, жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромына, қант диабеті, құрт ауруына шалдыққан науқастардың емін бір сәтке де үзуге болмайды. Сондықтан фармацевтикалық зауыт үздіксіз жұмыс істеуі тиіс. Осы жағдайға түсіністікпен қарап, үлкен қолдау көрсеткен Іле ауданының басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Соның арқасында өндірістік көлем күрт кеміген жоқ.

Үдемелі индустиалды-инновациялық даму бағдарламасы бойынша Алматы облысында өткен 10 жылдың ішінде 64 өндіріс ошағы іске қосылып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орыны ашылды. Үшінші бес жылдықта тағы 13 кәсіпорын жұмыс істей бастайды.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Олжас Байбосынов

Хабар 24 телеарнасы