411,61 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық Азиядағы көршілес елдер ұн мен бидайдың 90% Қазақстаннан импорттайды

  • 216
Орталық Азиядағы көршілес елдер ұн мен бидайдың 90% Қазақстаннан импорттайды Inbusiness.kz

Пандемияға байланысты Қазақстан бидай экспортына квота белгілеген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде, оңтүстік аймақтағы көршілерімізде ұн тапшылығы сезілді. Бұл жөнінде Дүниежүзілік банктің ауылшаруашылық жөніндегі жетекші экономисі Сергий Зоря онлайн-брифингте мәлімдеді. Экспорттық шектеу елдегі азық-түлік қауіпсіздігі мақсатында қойылған болатын. Сонымен бірге банк сарапшылары Орталық Азиядағы ауылшаруашылық өнімдерін саудалауды жаңа жүйеге ауыстыру керектігін айтты. 

Сергий Зоря, дүниежүзілік банктің ауылшаруашылық жөніндегі жетекші экономисі:

– Қазақстаның экономикалық әлеуеті жоғары. Сондықтан елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экспортқа шектеу қоюға міндетті емес деп ойлаймын. Биыл Қазақстанда13 млн тонна бидай жиналады деген болжам бар. Өткен жылы 11 млн тоннадан астам болған. Егер астық түсімі болжамға сәйкес болса, осы жылы экспорт 2 млн тоннаға артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы