418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы базарында цитрус өнімдерінің бағасы өсті

  • 169
  • UPD: 09:20, 04.06.2020

Жаз маусымы жеміс-жидек жейтін кез. Әзірге өзіміздің исі жұпар аңқыған апорт алмасы мен дәмі тіл үйірер сары өрік пісе қойған жоқ. Есесіне базар мен дүкендер цитрустық өнімдерге толы. Бағасы да былтырғыдай емес. Қымбаттағаны байқалады. Сол өнімдер елімізге қайдан келеді? Халық сұранысы қандай? 

- Қазір шиелер өтеді, клубника сезоны ғой. 

- Бір қап алсақ он мыңға аламыз ғой. Бұрын мешоктап алушы едік. Килограмдап алып көрген емеспіз. Осы уақытқа дейін килограмдап магазиндерді бақтық енді. Магазинде 250-300-ден алдық.

- Базардағы баға қалай болып жатыр? 

- Жақсы нормально базар.

Әмбебап базардағы сауда-саттық таңғы сағат 5-тен басталады. Көкөніс пен жеміс-жидек алушылар еліміздің барлық өңірінен келеді. Өйткені өзімізде жоқ цитрустық жеміс ең алдыман осы базарға жүк көліктерімен жеткізіледі. Мысалы, қызыл алма Польша мен Түркиядан, ал банан мен апельсин Қытайдан әкеленіген. Бұған дейін тасымалдаушылар Қытайға жиі қатынайтын болса қазір айына бір рет барады. Бұл жағдай өнім бағасының қымбаттауына әсер етіп отыр.

Азамат Қаймолдин, тауар тасымалдаушы:

- Біздің мысалы, бір партия жүгіміз бұзылып кетті Қытайдың холодильнігінде жатып.Еенді 25 күн тұрамыз. Мәселе перевозканың ақшасы да көбейеді. Өйткені расход та көбейді. 25 күн тамақтану керек адамдарға. Қаншама жанара-жағармай жағып жібереміз.

Ұзақ жолда импорттықтық өнім тез бұзылып кетуі мүмкін. Базарда өнімді ысырап қылмай, сапасын сақтауға арналған, тоңызытқыш камералары орнатылған қоймалар бар.

Алмас Садуақас, тілші:

- Мына көкөніс сақтайтын қойманың жалпы көлемі 300 шаршы метр. Бір айда бұл жерде 300 тоннаға жуық сақталады және сатылады. Оның ішінде Түркиядан келелетін алма, эквадордан келетін банан, анананс пен өзгелері де бар.

Былтырғы бағамен салыстырғанда импорттық өнім  бағасы 40 пайызға өскен.  Сатушылардың айтуынша, жеміс бағасын нарық реттейді. Барлығы сұранысқа байланысты. 

Нұрлан Ештайұлы, әмбебапб базар кешені басшысының шаруашылық жөніндегі орынбасары:

- Әрине бірінші поставкалар парниковый болған. Олар қымбаттау болды. қазіргі нарықтың өзі арзандап жатыр. Бүткіл алматы мен облысында ең арзан бізде қазір.

Еуропа мен Ираннан келетін  алманың базардағы бағасы 500-600 теңге арасында. Ал Өзбекстаннан жеткізілетін шие мен құлпынайдың бір келісі 500-бен 1300 теңге аралығында сатылады. Бұл базар Алматыны жеміс жидек және көкөніспен 90 пайыз қамтамасыз етеді. Ал қаладағы ірі сауда кешендері мен дүкендеріне жеткізілгенде бағасы екі есе ұлғайады. Халық жиі тұтынатындықтан картоп, сәбіз, пияз бен қырыққабат әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік санатына жатады.   

Дамир Тазабек, қалалық кәсіпкерлік басқармасы агроөнеркәсіп кешені бөлімінің басшысы:

- Қаладағы дүкендер мен базарларда сатылатын әлеуметтік маңызы жоғары тауарлардың бағасын бақылауда ұстаймыз. Үстінен қосылар құны  15%-дан аспауы тиіс. Ал сырттан келетін импорттық тауарлардың бағасын сауда туралы заңның 9-бабына сәйкес нарық реттейді. Кәсіпкер оны  қандай бағада сататынын өзі шешеді.  

Қаланы сапалы тауармен қамтамыз ету үшін қала айналасындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдан бері ауылшаруышылық тауарларын өндірушілерге жеңілдетілген несие беру бағдарламасы қолға алынған. Қаржылай қолдаудың арқасында   олар өнімін өсіріп ғана қоймай, нарық бағасынан төмен бағада өткізе алады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев, Айдар Әбдешев

Хабар 24 телеарнасы