425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Токио Олимпиадасының шегерілуінен Қазақстан 4,3 млрд теңге үнемдеді

  • 448
  • UPD: 22:36, 05.06.2020

Төтенше жағдай кезінде спорттық іс-шаралар тоқтады. Нәтижесінде 4 млрд 300 млн теңге үнемделіп, қазынаға қайтарылды. Аталған қаржының едәуір бөлігі Токио Олимпиадасына қатысу мақсатында бөлінген еді.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады. Министр этнотуризм саласына да серпін беру керектігін атап өтті. Сауран, Яссы, Сарайшық, Бозоқ сияқты тарихи ескі қалашықтарды қалпына келтіру жұмыстары әлде де жалғасады. Былтыр ел бойынша 2 музей, 7 мәдениет үйі мен 11 кітапхана ашылды. 38 отандық фильм түсірілді. Мемлекеттік және жеке театрлар мың жарымнан астам қойылым көрсетті.  

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Қазақстанның Тұңғыш президенті - Елбасы Абайдың терең ойлары мен пайымдалулары біздің күнделікті істеріміздің негізіне жатуы тиіс екенін бірнеше рет атап өткен. Биылғы республикалық жоспарымыз бірінші жартыжылдықта кейбір өзгерістер болды. 300-ге жуық мерейтойлық шараларымыз өткізілді. Онлайн болды. Қалған жобалар екінші жартыжылдыққа ауыстырылып, тамыз бен кұзгі айларға ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы