423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміз бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады

  • 502
  • UPD: 13:50, 07.06.2020

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің кездесуі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ноғаев атап көрсеткендей, бұл келісім әлемдік мұнай индустриясына оң әсер етіп, қоймада тауардың іркілуі болмаған, ол өз кезегінде мұнайдың әлемдік бағасының өсуіне серпін берген. Кездесу барысында тараптар мұнай өндіру көлемін тәулігіне 9,7 млн баррель деңгейінде қысқартуды шілде айының соңына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Хабар 24 телеарнасы