427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан биыл мұнайды 4 млн тоннаға аз өндіреді

  • 380
Қазақстан биыл мұнайды 4 млн тоннаға аз өндіреді

Қазақстан биыл мұнайды жоспардан 4 млн тоннаға аз өндіретін болды. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«6 маусымда ОПЕК+ конференциясының отырысы өтті. Отырыстың нәтижесі бойынша Қазақстан шілденің соңына дейін тәулігіне 9,7 млн баррельге дейін мұнай өндіретін болды. Сондай-ақ осы жылдың мамыр-маусым айларында әртүрлі себеппен өндірістің артуы байқалатын елдер бойынша шілде-қыркүйек айларында мұндай артуды өтеу туралы шешім қабылданды. Қазақстанда мамыр айының алғашқы 12 күнінің ішінде мұнайдың қосынды артуы 3,13 млн баррельді құраған еді. Оны өтеу тамыз-қыркүйек айларына жоспарланып отыр», –  деді Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

Министр өз сөзінде қайта қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, 2020 жылғы өндіру болжамы 86 млн тоннаны құрайтынын жеткізді. «Бұл – индикативтік жоспардан 4 пайыз төмен. Индикативтік жоспар 90 млн тонна болған», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы