426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте 2019 жылғы бюджеттің орындалуы қаралды

  • 330
  • UPD: 13:37, 10.06.2020
Мәжілісте 2019 жылғы бюджеттің орындалуы қаралды

Былтыр 225,5 млрд теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар болған. Бұл туралы  бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова айтты.

Өткен жылы 211 нысанға 22 аудиторлық тексеру жүргізілген. Нәтижесінде 14 млрд теңгенің түрлі бұзушылығы анықталған.

Бүгінгі Мәжіліс отырысында 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды. Депутаттар мемлекеттің қазынасынан бөлінген әр тиынның есебін сұрады. Қазір бюджеттің негізгі басымдықтарын ұлттық қордың трансферттері арқылы қаржыландыру дағдыға айналып барады. Алайда кей министрліктер сол  ақшаны тиімді  игере алмай отыр. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру шарасының әзірленіп жатқанын айтты. Өткен жылы бюджет шығыстары есебінен 344 бюджеттік бағдарлама қаржыландырылған. 13 мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қаражат бөлінген. Дегенмен, экологиялық ахуалды жақсартуға арналған жобаларға, ақылы жолдарды күтіп ұстауға, коворкинг орталықтарын ашуға бөлінген қаражат жүйелі жұмсалмаған.

Хабар 24 телеарнасы