431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Президенті Тимур Құлыбаевты қабылдады

  • 313
  • UPD: 16:09, 18.06.2020
Қазақстан Президенті Тимур Құлыбаевты қабылдады Ақорда

Қазақстан Президенті бейне байланыс арқылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады.

«Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Мемлекет басшысына кәсіпкерліктің төтенше жағдай режимі және карантин шектеулерінен кейінгі жағдайы туралы айтты. Тимур Құлыбаев бизнестің зардап шеккен салаларының түйткілді мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулердің өткенін айтып, оның алдын ала қортындысы туралы ақпарат берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Атамекен» ҰКП бастамасымен өткен бірлескен кездесулерге ҚР премьер-министрі, Үкімет мүшелері, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мен бизнес-қоғамдастық қатысты.

Мемлекет басшысына жұмыспен қамту және қолдау шараларының тиімділігіне қатысты кәсіпкерлер арасында жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы туралы да баяндалды. Аталған сауалнамаларға 65 мыңға жуық бизнес субъектісі қатысқан. Бұдан бөлек, Қазақстан Президентіне Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен «Атамекен» ҰКП-ның бірлесіп, Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі бірыңғай ахуалдық орталық ашу туралы ұсыныс айтылды.

Хабар 24 телеарнасы