Көліктің алғашқы легі Орынбор, Вологда қалаларына жеткізілді. Жақын арада дилерлік желі Мәскеу, Санкт-Петербург сияқты бірнеше ірі мегаполистерде ашылады. Осының арқасында отандық автоөндіріс экспорты еселеп артпақ.
Ресми мәліметке сүйенсек, өткен жыл ішінде Қостанайда құрастырлыған 2 мың 600 автокөлік шетелдерге өткізілген. Ад биыл бұл көрсеткіш кемі 6 есе жоғары болады деген болжам бар.
Сергей Могилатов, зауыт директорының орынбасары:
- Бірінші кезеңде біз 13 мың автокөлікті сыртқа сатамыз деп жоспарлап отырмыз. Экспорт Ресеймен шектелмейді, сондай-ақ Кедендік Одақ аясында Белоруссияға, Қырғызстан, Тәжікстанға да өткіземіз. Аталған елдерде бізде шығарылатын автокөліктерге сұраныс бар.