425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тәулігіне миллион маска шығару жоспарланып отыр

  • 215
  • UPD: 11:34, 19.06.2020
Елімізде тәулігіне миллион маска шығару жоспарланып отыр

Елімізде коронавирус инфекциясын анықтау үшін күніне 35 мың тест жасалатын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева мәлімдеді.

Айтуынша, қазір күніне 28 мың тест алынады. Ал наурыз айынан бастап барлығы 1 миллион 271 мың тест жүргізілді. Бірақ соңғы аптада ахуалдың нашарлауына байланысты халықты тексеру қарқынын арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Айта кетейік, қазір елде 56 зертхана жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар сақтану шараларын да күшейткен жөн.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың хабарлауынша, қазір республикада маска шығаратын 9 кәсіпорын істеп тұр. Жыл соңына дейін тағы 4 өндіріс ашып, тәулігіне шығарылатын маска санын миллионға дейін жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар қорғау костюмдері мен өкпені желдететін аппарат шығаруды арттыру көзделген. Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр Асқар Мамин әр өңірде коронавирус инфекциясының таралуына қарсы жаңа шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.

Хабар 24 телеарнасы