417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АХҚО: ТМД елдерінде стартаптарға инвестиция тарту құпиялары

  • 200
АХҚО: ТМД елдерінде стартаптарға инвестиция тарту құпиялары

2020 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығының ұйымдастыруымен үшінші рет дәстүрлі Astana Finance Days мамандандырылған қаржы конференциясы өтеді.

«Құбылмалы әлемдегі нарықтар» аталған биылғы конференцияға әлемнің 40-тан астам елінен 10 мыңнан астам қатысушы келеді деп жоспарланған. Сонымен қатар онлайн өтетін іс-шараға қаржы, экономика, заң және өзге де салалардағы отандық және шетелдік сарапшылар, саясаткерлер, бизнестің, мемлекеттік қызмет және ғылыми ұйымдардың өкілдері, сонымен қатар «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген компаниялардың өкілдерінен құралған 100-ден астам спикер қатысады. 

Халықаралық қаржы конференциясы аясында АХҚО Қаржы технологиялары хабының ұйымдастыруымен Fintechstars Innovation Day онлайн-марафоны өтеді. Марафон шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңында осы саладағы ірі корпорациялар мен инвесторлар Орта Азия елдерінің инноватор кәсіпкерлерімен кездесіп, стартапшылар өз өнімдерін әлеуетті инвесторларға таныстыратын мүмкіндікке ие болады. Іріктеліп алынған стартапшылар өнімдері негізінен төлем жүйелері, несиелеу, AI & ML, сақтандыру (InsurTech), цифрлық идентификация, мобильді әмиян, киберқауіпсіздік және антифрод, open API, инвестиция және қаражат жинау, маркетплейстер, қаржылық сауаттылық секторларын қамтиды.

Сонымен қатар конференция аясында «ТМД елдерінде стартаптарға инвестиция тарту құпиялары», «COVID-19 жағдайларында венчурлік капитал әлеуеті», «Стартапты халықаралық нарыққа шығару құпиялары» тақырыптарында беделді сарапшылардың қатысуымен пікірталастар өтеді. 

Айта кетейік, биыл COVID-19 пандемиясының асқыруына байланысты дәстүрлі конференция онлайн режимде өткізіліп отыр. Бес күндік шараның кез келген сессиясын конференцияның ресми сайты astanafindays.org сайтына тіркеліп, нақты уақытта көре аласыздар.

Хабар 24 телеарнасы