418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ірі автобус паркі жабылып қалды

  • 209
  • UPD: 21:52, 29.06.2020
Алматыда ірі автобус паркі жабылып қалды

Алматыда ірі автобус парктерінің бірі жабылып қалды. Жекеменшік «АвтоТрансГаз» компаниясы он екі бағытта қызмет көрсетіп келген.

Енді бұл бағыттар қосымша автобустары бар өзге тасымалдаушыларға берілді. Қаржыдан қиналған мекеме жұмысын тоқтататыны жайлы қаңтар айында хабарлаған. Ескі автобустарын жаңартуға шамалары жетпеген көрінеді. Жалпы Алматыда бірқатар бағыт бойынша автобус тапшылығы сезіледі. Кейбір маршруттарда жоспарланған автобустардың 60 проценті ғана жолға шығып жүр. Жауапты басқарма қызметкерлері бұл мәселе жуық арада сатып алынатын жаңа және қосымша автобустардың есебінен шешіледі деп отыр.

Хабар 24 телеарнасы