418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да отбасы «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсібін дөңгелетті

  • 142
  • UPD: 22:35, 29.06.2020

Солтүстік Қазақстан облысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асып келеді. Өңірде жарты жылда 300-ге жуық жоба қаржыландырылды. Қазір ауыл азаматтары өз ісін дөңгелете бастады. Сондай жандардың бірі Досбаевтар жанұясы. Қазір олар мал шаруашылығын өркендетуді қолға алды. 

Мал баққанға бітеді. Солтүстік қазақстандық Айнұр Досбаева осы қағиданы ұстанады. Ол екі жыл бұрын кәсіп ашып, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан жеңілдетілген несие рәсімдеген. Қазір күніне 100 литрден астам сүтті кооперативке өткізеді.

Айнұр Досбаева, ауыл тұрғыны:

- 10 сауынды сиыр бар. 13-ке дейін ұстадық. Сүт сатамыз. Сүтті молоковоз келіп алып кетеді. Жұма сайын ақшасын береді. Май-қаймақ жейсің. Жақсы ғой. Непривередливый ғой. Табынға барады, жүреді.  

Мал болған соң оған жем–азықпен күтім қажет. Ол үшін отағасы техника  сатып алған. Енді шөп шабу науқанында бар жұмысты жалғыз өзі атқарады. 

Оралбай Досбаев, ауыл тұрғыны:

- Бұрын жалғыз өзім барып, шөрті шауып полядан оны мына телешкаға артасың. Оның үстіне міну керек. Оның бәрі еңбек, жалғыз адамға ауыр. Биыл міне руллон алдым, шөп пресовать ететін. Былтырлары бір айдай жүретінмін жалғыз өзім. Биыл енді құдай қаласа көп жеңіл. Енді ойда, бір жоспарда трактор алу бар.  

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша биыл Қордың өңірдегі филиалына 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген. Жарты жылда 291 жоба сәтті жүзеге асты. Ал оның басым бөлігі ауылшаруашылығы саласына тиесілі.

Абылай Нұркенов, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры филиалының директоры:

- Биылғы ерекшелігі 4 процентпенде біз аз қамтылған және көп балалы отбасыларға береміз. Оның үстіне кепілдері жетпегендерге біз кепіл береміз. Бірақ олар несиені кредитное товариществодан несие серіктестіктерден алуға тиісті. 4 процентпен кіретіндер оларға 95 пайызға дейін кепілдік береміз. 

Мемлекет тарапынан жасалып отырған бұл қолдауды тиімді пайдаланып қалушылар да бар. Мәселен, бүгінгі күнге дейін аймақта осындай 10-нан астам отбасы өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы