418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Astana Finance Days аясында стартап жобалар таныстырылды

  • 159
  • UPD: 23:22, 30.06.2020

Astana Finance Days конференциясы аясында стартап жобалар таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

EdTech форумында қазіргі білім беру жүйесіне өзгерістер енгізіп, саланы жетілдіруге қауқарлы 10 жоба инвесторлар назарына ұсынылды. Олардың дені осы уақытқа дейін сынақтан сәтті өтіп үлгерген. Тіпті кейбірінің тұтынушылары да бар. Мәселен, стартап жоба авторларының бірі пандемия кезінде өзекті болып отырған қашықтан оқуға арналған платформа әзірлепті.

Алина Әбдірахманова, жоба авторы:

- Виртуалды әлемге қатысты жоба жайлы идея 1 жыл бұрын келді. Оған менің және достарымның еліміздегі қашықтан оқу жүйесіне деген көзқарасымыз түрткі болды. Өкінішке қарай, қашықтан оқу кезінде біз өзімізді университетте не болмаса сабақта отырғандай сезіне алмадық. Сәйкесінше, оқуға деген ынта болмады. Сондықтан дәстүрлі оқу мен виртуалды әлемді біріктіруді жөн санадық. Жобаға сай аудиторияда 360 градусты қамтитын камера орнатылады. Ал оған қатысушы смартфон арқылы қосыла алады. Біз бұл механизмді жетілдірдік.

 

Хабар 24 телеарнасы