418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АТЭЫ саммиті онлайн өтеді

  • 149
  • UPD: 19:09, 30.06.2020
АТЭЫ саммиті онлайн өтеді

Азия-Тынық мұхит аймағы экономикалық ынтымақтастық ұйымының 2021 жылғы саммиті онлайн түрде өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Бұл шараны қабылдауға тиіс Жаңа Зеландия үкіметі пандемияға байланысты осындай шешім қабылдады. Ұйымның Малайзияда қарашаға жоспарланған басқосуы да онлайн режимде өтеді. Ұйымға мүше 21 елде әлем халқының 40%-і тұрып жатыр.

Еске сала кетейік, Жаңа Зеландияда коронавирусты бір мыңнан аса адам жұқтырып, жиырма екісі көз жұмған. Қос аралда орналасқан Жаңа Зеландия індетті еңсерген алғашқы елдердің бірі.

Джасинда Ардерн, Жаңа Зеландия премьер-министрі:

Қазіргі жағдайда бір анықтылық болсын деп, осындай шешім қабылдадық. Виртуалды басқосу өткізуді жоспарлайық. Сонда коронавирусқа қатысты ешбір ереже бұзбаймыз.

Хабар 24 телеарнасы