418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте тоғыз өндіріс орыны іске қосылды

  • 165
  • UPD: 21:48, 05.07.2020

Елорда күні қарсаңында Шымкентте 9 инвестициялық өндіріс орыны іске қосылды. Бұл кәсіпорындар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын болады. Онда 150-ге жуық адам жұмысқа орналасты.

Айта кетейік, нысандардың ашылу салтанаты онлайн режимде өтті.

Еліміздегі үшінші мегаполис пандемияға қарамастан елорда күні қарсаңында бірнеше кәсіпорынды  іске қосты. Жобаның жалпы құны 2 жарым млрд теңгеден асады. Жаңадан ашылған өндіріс орындарының қатарында түрлі форматтағы қағаз, кондитерлік шығаратын фабрикалар бар. Сондай-ақ шыны пакеттерге арналған алюминий дистанциялық жақтаулар өндірісі де іске кірісті. Ал тағы бір жаңа зауыт жылына 300 дизельдік генератор шығарады.

Бекбол Жәкешбаев, «New Technology» зауытының директоры:

- Дизельдік генератор Қазақстан бойынша алғаш ашылып жатқан өндіріс түрі. Зауыт жалғыз бұл өндіріспен тоқтап қалмай, компрессор және дизельді насостың бірнеше түрін шығаруды жоспарлап отыр. Әлі өнім Ресей және Орта Азия елдеріне экспортталады. Инвестиция көлемі 300 млн теңге. 30 адамды жұмыспен қамтыды.  

Шымшаһар тұрғындарына  жалпы көлемі 4 гектарға жуық өндірістік жылыжай мен интенсивті алма бағы  да өз өнімдерін ұсынатын болады. Құс фермасы мен  бал өндірумен айналысатын кәсіпкерлер де жұмыс істеуге дайын.

Мұрат Әйтенов, қала әкімі:

- Сіздердің қаламыздың дамуына қосып жатқан үлестеріңіз зор.  Елорда күнін тойлауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіремін. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Азық-түлікпен өз-өзін қамтамасыз ететін қала болу үшін жұмыс жасауға шақырамын.

Онлайн жиында өңір басшысы жаңадан іске қосылған кәсіпорындар қаланың дамуына өз үлестерін қосатындығына сенім білдірді. Сондай-ақ шымкенттіктер мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, карантин шараларын қатаң сақтап, денсаулықтарын күтуге шақырды.

Хабар 24 телеарнасы