417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кредит төлеу мерзімін шегеру несие тарихына кері әсер етпейді

  • 174
  • UPD: 20:22, 08.07.2020
Кредит төлеу мерзімін шегеру несие тарихына кері әсер етпейді

Әлеуметтік жәрдемақы алу және кредит төлеу мерзімін шегеру несие тарихын бүлдірмейді.

Бұл қаржы нарығын реттеу агенттігінің ережесімен бекітілген. Егер банктер мен шағын несие беру орталықтары кесіпкерлерге жаңа несие беруден бас тартса, құзырлы органға шағымдану керек. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің орынбасары Мәди Тәкиев айтты. Маусым айында бизнес неиселерінің мерзімін ұзартудың тәртібі бекітіліп, 90 күнге дейін шегеруге мүмкіндік жасалған еді.

Айта кетейік, өткен үш айда 3 млн астам қазақстандық 42 500 теңгеден жәрдемақы алған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 370 млрд теңге жұмсалған.

Хабар 24 телеарнасы