418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды

  • 165
  • UPD: 13:32, 10.07.2020
2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды КазТАГ

Үкімет Есеп комитетімен бірлесіп 15 қазанға дейін дағдарыспен күресу үшін бөлінген қаражатты жұмсаудың тиімділігіне талдау жасауы қажет.

Бұл – Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сөзі.

«Талдау өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар ерекшелігін ескере отырып жасалуы керек. Онда әрбір министр мен әкім бойынша қорытынды тұжырымдар болуға тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстарының басталғаны да айтылды.

«Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес», – дегенді алға тартты.

Хабар 24 телеарнасы