418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жұмыспен қамтудың жол картасына бір триллион теңге бөлінді

  • 193
  • UPD: 16:11, 10.07.2020

Елімізде қабылданған жол картасын жүзеге асыру үшін 1 триллион теңге бөлінді. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет отырысында мәлімдеді.

Бұл қаражат есебінен 255 мың жұмыс орнын ашу көзделген. Алайда қызметке 150 мың адам ғана орналасты. Картадағы жобалардың дені, негізінен жөндеу жұмыстарына бағытталған. Президент осы жобалардың 6 проценті ғана отандастарымызды тұрақты жұмыс орынымен қамтамасыз ете алатынын тілге тиек етті. Олар мемлекеттік секторлар, яғни мектептер мен ауруханаларды қамтиды. Мұндай жұмыс Мемлекет басшысын қатты алаңдатады. Сол себепті Үкімет әкімдермен бірлесіп, шұғыл түрде тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге кірісуі керек деді Президент.

Хабар 24 телеарнасы