431,68 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан белгіленген ауытқу шегінің қолдану мерзімі ұзарды

  • 349
  • UPD: 12:55, 17.07.2020
Шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан белгіленген ауытқу шегінің қолдану мерзімі ұзарды

Қазақстан Ұлттық Банкі 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолма-қол шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан белгіленген ауытқу шектерінің қолданылу мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлады.

Бұл шара айырбастау пункттерінде алыпсатарлық операцияларға жол бермеуге, тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және әлемдік қаржы нарықтарындағы құбылмалы жағдайда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқуының белгіленген шектері:

1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге;

2) еуро үшін – 7 теңге.

Белгіленген шектеулер қолма-қол ақшасыз нысанда жүргізілетін айырбастау операцияларына қолданылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 19 наурызда Қазақстан Ұлттық Банкі елде төтенше жағдай жарияланған кезде айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгіледі. 2020 жылғы 8 мамырда осы шараның қолданылу мерзімі 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылды.

Хабар 24 телеарнасы