428,02 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тамыз айына ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды

  • 284
  • UPD: 10:13, 22.07.2020
Тамыз айына ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелер қайта қаралды AFK.kz

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2020 жылдың тамызына қатысты теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралғандығын хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесінің 0,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 9 пайызды құрауына байланысты ҚДКБҚ депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді қайта қарады. Мысалы, мерзімсіз салымдар бойынша ұсынылатын максималды сыйақы мөлшерлемелері 9 пайызды құрады. Бұл деңгей ақша-несие саясатын ескере отырып, банктер тарапынан қаражат тартудың базалық бағасын білдіреді.

Қордың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, 12 және 24 айға арналған мерзімді салымдарды қоспағанда, депозиттердің барлық дерлік түрлерінің сыйақы мөлшерлемелері 0,5 пайыздық тармаққа өзгерді. Бұл ретте салымдарды жіктеу қағидасы сақталады, яғни толықтыруға болатын, қысқа мерзімге арналған депозиттердің мөлшерлемесі толықтырылмайтын түріне қарағанда 0,5 пайыздық тармаққа төмен.

Жалпы экономиканың ағымдағы жағдайын және оның орта мерзімді кезең ішіндегі дамуына қатысты болжамдарды ескере отырып айтар болсақ, депозиттер бойынша жаңартылған мөлшерлемелер табыстылықтың оңтайлы деңгейіне толығымен сәйкес келеді.

Хабар 24 телеарнасы