431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда карантин кезінде ашылған кәсіпорынның ісі алға басты

  • 277
  • UPD: 20:01, 25.07.2020

Петропавлда төтенше жағдай режимі кезінде ашылған кәсіпорын мемлекет қолдауымен карантинге қарамастан ісін өрге домалатты. 

Жүк тасымалдауға арналған биг-бег қапшықтарын тігетін өндіріс ошағы өз өнімдерін Еуропа елдеріне эскпорттай бастаған. Аталған жоба негізінен «Өндіріс»  бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Қазір мұнда 90 адам еңбек етіп жатыр. Карантин уақытында барлық жұмыс орындары сақталды. Енді келешекте қолдаудың арқасында  штатты ұлғайтып, өндіріс көлемін арттырмақ ниетте. 

Азамат Елеусізов, кәсіпорының бас директоры:

- Қазір технолог, үйлестіруші, тігінші секілді мамандарды іздестірудеміз. Қажет болса оларды баспанамен қамтамасыз етуге де дайынбыз. Себебі жыл соңына дейін өндіріс көлемін бірнеше есеге ұлғайту жоспарымызда бар. Карантин кезінде барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтала отырып, жобамызды сәтті жүзеге асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы