Қазіргі уақытта елде 21 көлік-логистикалық орталық жұмыс істейді, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, Алматы облысында 6, Нұр-Сұлтан қаласында 5, Ақтөбе облысында 4, Шымкент қаласында 2, ШҚО-да 1, Маңғыстау облысында 2, Алматы қаласында 1 көлік-логистикалық орталық барү
Сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ елдің ірі қалаларында (Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Орал, Павлодар және Өскемен) 9 КЛО салуды жоспарлауда. Қазіргі уақытта «KAZAKH INVEST» АҚ-мен бірлесіп көлік-логистикалық орталықтар құрылысы үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір көлік-логистикалық орталық салу көзделген.