423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 млрд теңгеден асты

  • 392
  • UPD: 15:11, 29.07.2020
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 11 млрд теңгеден асты

1 шілдедегі жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтары 2020 жылғы қаңтар-маусымда 986,0 млрд теңгеге немесе 9,1% ұлғайып, 11 786,5 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін таза кіріс 543,3 млрд теңгеге, 2020 жылғы 1 шілдеде 4 877,0 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ есептегенде) 2020 жылғы 1 шілде 10,9 млн шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2020 жылғы қаңтар-маусымда 82,2 млрд теңгені құрады.

2020 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ-ның жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесін ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары және ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары алады (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 41,8% және 26,9%).

Хабар 24 телеарнасы