423,09 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» ҰӘК компанияларының табысы 200 млрд теңгеден асты

  • 209
  • UPD: 16:40, 30.07.2020

Биыл «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына кіретін компаниялардың табысы 200 милииард теңгеден асты.

Бұған дейін сарапшылар мекеме 150 миллиард теңге шығынға батады деген болжамдар жасаған еді. Қор өкілдерінің хабарлауынша, кіріс көлемінің ұлғаюына мұнай бағасының өсіп, ұлттық валютаның нығаюы себеп болды. Логистикалық, цифрлық және энергетикалық компаниялар да өсім көрсетті. Биыл «Самұрық-қазына» қоры өз шығындарын 400 миллиард теңгеге қысқартқанын айта кетейік. 

Ернар Жанәділ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының экономика және қаржы жөніндегі  тең басқару директоры: 

- Осы жылы біз 206 миллиард теңгеге қол жеткіздік. Былтыр Қазатомпром компаниясының қосымша акцияларын сатқанбыз. Соның арқасында 49 миллиард теңге кіріс алдық. Бұл қаражат мемлекет бюджетіне құйып үлгердік. Алдағы уақытта  қазынаға тағы 120 миллиард жіберуді көздеп отырмыз. Егер бұл көрсеткіштерді өткен 2-3 жылмен салыстырсақ, биылғы дивидендтердің мөлшері 10 есе артық.

Хабар 24 телеарнасы