421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда тәулігіне бес млн маска тігетін кәсіпорын ашылды

  • 203
  • UPD: 22:15, 31.07.2020
Нұр-Сұлтанда тәулігіне бес млн маска тігетін кәсіпорын ашылды

Нұр-Сұлтан қаласында айына 5 млн маска тігетін қуатты өндіріс орны іске қосылды. Қазіргі уақытта кәсіпорын сынақ режимінде жұмыс істеуде, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Медициналық маскалардың ерекшелігі - сүзгі қабатына жоғары қорғаныс қасиеті бар және су өткізбейтін материал қолданылады. Бұнда мамандар үш маусымда жұмыс істейді.

Айта кету керек, «Біз біргеміз» акциясы аясында өндіріс ошағы №12 қалалық емханаға 5 мың маска жеткізіп берді. Жалпы бұл бетперделердің бағасы 55-60 теңге аралығында болады деп жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы