423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру артқан

  • 204
  • UPD: 10:30, 02.08.2020
Ақмола облысында ауылшаруашылық өнімдерін өндіру артқан

Ақмола облысында биыл кейбір ауылшаруашылық өнімдерінің өндіріс көлемі артқан. Мәселен, жарты жылдықтың қорытындысы бойынша, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ұн – 20, ет және ет өнімдері – 22, ал, өсімдік майы 40 процентке көп шығарылған.

Бұған әлбетте, сұраныстың артуы сеп болды, - дейді, мамандар. Ал сүт өндірісі керісінше 5 процентке төмендеген.

Айта кетейік, Ақмола облысы аталған 4 түрлі өніммен өңірді және елорданы қамтамасыз етіп отыр. Аймақта 8 май зауыты, 47 диірмен кешені, 15 ет өңдеу кәсіпорыны мен тағы осыншама сүт зауыты бар. 

Қасым Итқұсов, ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Сүт өнідірісінің төмендеуіне белгілі бір себеп бар. Пандемия басталғалы бері бүкіл қоғамдық тамақтану орындары, балалардың демалыс нысандары, мектептер мен балабақшалар жабық тұр. Сондықтан сұраныс азайды. Ал 5 процентке төмендеу деген сондай бір қатты құлдырауға жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы